Меркі аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы жанынан
Жас сайлаушылар клубын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 11-1) - тармағына және 12)-тармағына Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан жас сайлаушылар клубы форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс – қимыл нысандары құрылсын.
- Жас сайлаушылар клубының жұмысын жоспарлап, үйлестірудегі мемлекеттік мекемелер келісімі №1 қосымшаға сәйкес рәсімделсін.
- Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылатын жас сайлаушылар клубы туралы Ереже №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Жастар ресурстық орталығы» КММ – мен бірлескен жылдық шаралар кешені жоспары әзірленсін.
- Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан Жас сайлаушылар клубын құру туралы қаулы қабылдау жұмыстары жүргізілсін.
- Жас сайлаушылар клубын құру туралы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гульмира Бухашкызы Далиеваға жүктелсін.
- Осы қаулы Меркі аудандық сайлау комиссиясының интернет- ресурсына орналастырылсын.
Төраға Ш. Абылкасымов
Хатшы О. Тойбаев
Меркі ауылы
10 қыркүйек 2025 жыл
№8