Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру!

 

      Меркі аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес 2023 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен «Тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек» түрі енгізілді.

«Тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек» :

Отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш) ең төмменгі күнкөріс деңгейінен оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаған жағдайда тағайындалады. «Тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек» келесідей санаттағы азаматтарға тағайындалады:

- жасы бойынша зейнеткерлерге;

- мүгедектігі бар адамдарға;

- мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға;

- көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға;

- атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;

- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

- жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жүргізіледі.

Әлеуметтік көмектің көлемі 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі.

Біржолғы әлеуметтік көмек газ құбырын орнатуға және жүргізуге шарт жасалған сәттен бастап бір жыл ішінде және осы шешім заңды күшіне енген мерзімнен кейін өтініш берген тұрғын үй иелеріне беріледі.

Аталған сұрақ бойынша тіркелген мекен-жайыңыз бойынша ауылдық округ әкімі аппаратына қайыруларыңызды сұраймыз.

 

Дата публикации
22 августа 2025
Дата обновления
22 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы