Меню

Страницы

Статья

«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету тәртібі

«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету тәртібі

 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығына сәйкес, Меркі ауданы әкімінің аппараты «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

Бұл мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті құжаттармен қоса жолдайды.

Қызметтің көрсетілу мерзімі 6 жұмыс күнін құрайды және қызметтің көрсетілу нысаны толығымен автоматтандырылған, яғни электронды түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңі 1 наурыздан 30 маусым аралығы және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары:

  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz;
  • egov.kz порталында орналастырылған.

Қызметтің қорытындысы, яғни қызмет көрсетілгені немесе бас тартылғаны туралы ақпарат әр азаматтың «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне хабарландыру ретінде келіп түседі.

Осы заңдарға сілтемені төменде көрсетілген Qr-кодты сканерлеу арқылы толық көре аласыздар.

 

 

 

Меркі ауданы әкімі аппараты

Дата публикации
22 августа 2025
Дата обновления
22 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы