Меню

Страницы

Статья

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің тоқтатылғаны туралы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

ҚАУЛЫ

 

 №223

«12»   «08»   «2025»  жыл

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің

тоқтатылғаны туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 84-бабының 3, 7-тармақтарына,                                 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына және 2025 жылғы 24 шілдедегі аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің №01-09/84 санды хатына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меркі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 наурыздағы «Жер учаскесін мемлекеттік мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №103 қаулысы және 2025 жылғы 05 мамырдағы №134 қаулысының негізінде басталған мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
  3. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің салалық орынбасарына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                                Е.Жиенқұлов

 

 

 

 

 

Енгізуші:

Аудан әкімдігінің жер

қатынастары бөлімі басшысы                                                                                  Д.Нурпеисов

Дата публикации
13 августа 2025
Дата обновления
13 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы