Меркі ауданы әкімі аппаратының 2024 Мемлкеттік қызмет көрсету қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы есеп
Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - ЖАО) тарапынан Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 56 мемлекеттік қызметтің түрі (электронды түрде – 31 (55,4%), қағаз түрінде – 3 (5,4%), мемлекеттік корпорация арқылы – 22 (39,2%) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты болып аудан әкімінің аппараты, аудан әкімдігінің 7 бөлімі (ауыл шаруашылық, дене шынықтыру және спорт, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау) және 14 ауылдық округ әкімдерінің аппараттары бекітілген.
2024 жылдың қорытындысымен ЖАО тарапынан 9199 мемлекеттік қызметтер көрсетілген: электронды түрде – 4756 (51,7%), қағаз түрінде – 1678 (18,2%), мемлекеттік корпорация арқылы – 2765 (30,1%). (2023 жылдың есепті кезеңінде – 12807 қызмет көрсетілген (электронды түрде – 9179 (71,6%), қағаз түрінде – 1098 (8,6%), мемлекеттік корпорация арқылы – 2530 (19,7%).
|
Аудан әкімінің аппаратымен 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат |
||||
|
№ |
Мемлекеттік қызмет атауы |
Түскен өтініш саны
|
Оның ішінде: |
|
|
Оң шешім |
Бас тарту |
|||
|
1 |
«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» |
97 |
91 |
6 |
|
2 |
«Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» |
34 |
29 |
5 |
|
3 |
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» |
19 |
9 |
10 |
|
4 |
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» |
9 |
9 |
0 |
|
5 |
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» |
26 |
26 |
0 |
|
6 |
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» |
5 |
0 |
5 |
|
7 |
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» |
0 |
0 |
0 |
2024 жылдың қорытындысымен Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарының тарапынан жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету барысында барлығы – 4 мерзім бұзу фактісі орын алған (2023 жылы – мерзім бұзу фактісі орын алған жоқ).
Атап айтқанда:
Сұрат ауылдық округі әкімінің аппараты – 2 дерек (2 дерек те «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызмет түрі бойынша);
Андас батыр ауылдық округі әкімінің аппараты – 1 дерек («Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызмет түрі бойынша);
Рысқұлов ауылдық округі әкімінің аппараты – 1 дерек («Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 2 кезең» қызмет түрі бойынша).
Аталған кемшіліктерге жол берген 4 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды және 3 округ әкіміне 147.680тг көлемінде әкімшілік айыппұл салынды:
Анықтама үшін:
Орын алған мерзім бұзу деректері а.ж қаңтар-сәуір айлары аралығында орын алған. Мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін мерзім бұзу деректері орын алған жоқ.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - департамент) тарапынан «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына жүргізілген сыртқы мониторинг жұмыстарының нәтижесінде жыл басынан бері ауданның жергілікті атқарушы органдары тарапынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін бұзудың 95 дерегі анықталып, облыс бойынша ең көп кемшілікке жол берген Меркі ауданы болып отыр.
Атап айтқанда:
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі – 69 дерек (оның ішінде 45 дерек ЭЦҚ-ны заңсыз қолдану) (72,6%);
Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі – 14 дерек (14,7%);
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі – 10 дерек (10,5%);
Ақермен ауылдық округі әкімінің аппараты – 2 дерек (2,1%).
Кемшіліктерге жол берген 5 қызметкер «ескерту» түрінде және 1 қызметкер (ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы) 2 мәрте «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Анықтама үшін:
А.ж. шілде айынан бастап мемлекеттік қызмет көрсету саласын үйлестіруші қызметкерге «Е-лицензиялау» АЖ мониторингілеуге қажетті қолжетімділік алынды. Шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін тіркеу мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ.
Департамент тарапынан «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қызмет берушілердің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану мәселесіне жүргізілген қашықтықтан мониторинг жұмыстарының нәтижесінде аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының еңбек демалысында, іссапарда болуы кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында үшінші тұлғамен басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы пайдаланылғаны расталды.
Нәтижесінде 45 заңбұзушылыққа жол берген бөлімнің бас маманы Н.Мамырбековке «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Бұдан бөлек, аудан әкімдігіне қарасты қызмет көрсетуші жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының (жауапты қызметкерлердің) электрондық цифрлық қолтаңбаларын жұмыста болмау кезінде (іссапарда, кезекті еңбек демалысында, жалақысы сақталмайтын демалыста, біліктілігін арттыру бойынша оқу демалысында, еңбекке жарамсыздық парағында болу кезеңінде) пайдалану деректері аудандық аппараттық кеңестің күн тәртібінде қаралып, қызмет көрсетуші бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне хаттамалық тапсырма берілді.
Сондай-ақ, бірінші басшылардың (жауапты қызметкерлердің) жұмыста болмау кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдалануына тыйым салынатындығы жөнінде ескерту хат жолданды.
Жамбыл облысы әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес, а.ж. ІІ тоқсанында аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінде ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді.
Жүргізілген ішкі бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша 6 заңбұзушылық анықталған (құжаттар топтамасы толық болмауына қарамастан қызмет көрсетілуі – 5 дерек, жауапты тұлғаның біліктілігін арттыру курстарынан өткізілмеуі – 1 дерек).
Ішкі бақылау жұмыстарының нәтижесінде берілген ұсыныстар толық орындалды:
Аудан әкімінің 2023 жылдың 22 желтоқсанындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу туралы» №40-ө өкіміне сәйкес, бақылау іс-шараларын жүргізудің 2024 жылға арналған жоспары бекітілді.
Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімдігіне бағынысты 6 объектіде (Андас батыр, Кеңес, Тәтті, Ақарал, Сарымолдаев ауылдық округі әкімдіктері, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде) ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша 9 бұзушылық анықталып, оларды жою бағытында 10 ұсыныс берілген. Заң бұзушылыққа жол бергені үшін 2 қызметкер (Ақарал және Сарымолдаев ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері) «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметтерді ұсынуға 47 жауапты қызметкер (алмастырушы қызметкерлерді қоса алғанда) бекітілген.
Барлық қызметкерлер 2022-2024 жж. аралығында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Аталған бағытта проблема жоқ.