Меркі ауданына қарасты Сарымолдаев ауылдық округі Сарымолдаев ауылындағы Ращупкин 1,2-тұйық көшелерінің тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының
№1 ХАТТАМАСЫ
Сарымолдаев ауылы 08.05.2025 жыл
Жиналыс төрағасы: С.Бабижанов
Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі;
Жиналыс хатшысы: Е.Бердалиев
Сарымолдаев ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маманы.
Жиналысқа қатысқандар:
1) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны - 15 адам;
2) көше тұрғындарының саны - 36 адам.
Күн тәртібінде:
Сарымолдаев ауылындағы Ращупкин 1-тұйық көшесіне Зеренді көшесі, Ращупкин 2–тұйық көшесіне Киелі бұлақ көшесі деп қайта атау туралы.
Тыңдалды: С.Бабижанов – Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес бүгін Сарымолдаев ауылдық округі Сарымолдаев ауылы Ращупкин 1-тұйық көшесіне Зеренді көшесі, Ращупкин 2-тұйық көшесіне Киелі бұлақ көшесі деп қайта атау туралы түскен ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Өз ой-пікірлеріңізді ортаға салуды сұраймын.
Анықтама үшін (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы. 19- бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртібі. Әкімшілік – аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық обьектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады).
Сөйлеген: А.Сулаев, К.Нуриев-Сарымолдаев ауылдық округінің тұрғындары: Сарымолдаев ауылы Ращупкин 1-тұйық көшесіне Зеренді көшесі, Ращупкин 2-тұйық көшесіне Киелі бұлақ көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдаймыз.
Сөйлеген: Р.Мустафаев – Ращупкин 1-тұйық көшесінің тұрғыны: Біздің тұрып жатқан көшеміз атауының қазіргі кезде ешқандай мағынасы жоқ деп түсінемін. Қайталанып жазылған, шатасу көп болады. Көше тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып, Зеренді деген атауды дұрыс деп санаймын.
Сөйлеген: Т.Турсунов – Ращупкин 2-тұйық көшесінің тұрғыны: Осы уақытқа дейін ауылымыздағы кейбір көше атаулары мағынасы қазіргі заманға сай емес. Ауылымыздың көше атаулары жер-су және тарихи атауларымен байланыстырып атаған жөн. Бұл өзгеріс біздің ауылдың тұрғындары үшін зор қуаныш болды. Жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін.
Сөйлеген: К.Енсебеков – Сарымолдаев ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы: Менің айтарым көше атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін. Мән-мағынасы ескірген, қайталанатын атауларды жаңарту, бұл – құптарлық іс. Сондықтан да ономастикалық атауларды ретке келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды мен жан-жақты қолдаймын.
Сөйлеген: С.Бабижанов – Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес Сарымолдаев ауылының Ращупкин 1-тұйық көшесіне Зеренді көшесі, Ращупкин 2-тұйық көшесіне Киелі бұлақ көшесі деп қайта атау бойынша тиісті халықтың пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа саламыз.
Қолдағандар: 51 адам;
Қарсы болғандар: 0 адам;
Қалыс қалғандар: 0 адам.
Округ әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Сарымолдаев ауылының Ращупкин 1-тұйық көшесіне Зеренді көшесі, Ращупкин 2-тұйық көшесіне Киелі бұлақ көшесі деп қайта атау туралы ұсыныс ауыл тұрғындарының көпшілік дауыспен қолдау тапқандығын жариялады.
ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:
Жиналыс төрағасы С.Бабижанов
Жиналыс хатшысы Е.Бердалиев