Меню

Страницы

Статья

Меркі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 наурыздағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 ҚАУЛЫ

 №134

 «05»   «05»   «2025»  жыл

     Меркі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 наурыздағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабын, «Жер кодексінің» 84-бабының 2-тармағының 4-1) тармақшасын, «Жайылымдар туралы» Заңының 13-бабын, 15-бабының 1-тармағын, «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының                        63-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, аудан мәслихатының               2025 жылғы 07 ақпандағы №39-4 шешімінің негізінде аудан әкімдігі              ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

          1 Меркі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 наурыздағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №103 қаулысының 1-тармағына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

         «жалпы ауданы 33,0 гектар» деген сөздер «жалпы ауданы 20,0 гектар деп өзгертілсін»;

         «13 гектар жайылым (есептік кварталы 054, реттік нөмірі 585)» деген сөздер алынсын.            

  1. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгіну орны Меркі ауылы, Әзімбек Ысмайылов көшесі №169 мекенжайында орналасқан «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Арғымбаев Қайрат Рахымбайұлына жүктелсін.

 

 

       Аудан әкімі                                                                                Е.Жиенқұлов

 

 

Енгізуші:

Аудан әкімдігінің жер

қатынастары бөлімі басшысы                                                                              Д.Нурпеисов

Дата публикации
08 мая 2025
Дата обновления
08 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы