«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында оқыту-семинары
2025 жылдың 25 ақпанында Меркі аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар өтті.
Оқыту-семинарға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, Меркі аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының толық құрамы, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның сайлау процесіне қатысты өкілдері, тиісті бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дәріс беру алдында барлық комиссия мүшелерінен «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес білім деңгейін анықтауға бағытталған тест сұрақтары өткізілді.
Оқу-семинарының бағдарламасына сәйкес, «Қазақстандағы сайлау жүйесін трансформациялау барысы, жалпыға бірдей сайлау құқығы және «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қала, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша процестегі ерекшеліктері туралы» тақырыбында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов сөз сөйледі.
Келесі кезекте Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысының у.м.а Нарікбаев Н.Б. «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлауын даярлау мен өткізу барысындағы жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі туралы» тақырыбында баяндама оқыды.
Оқу-семинарының бағдарламасына сәйкес комиссия мүшелеріне келесі тақырыптарда дәрістер оқылды:
Учаскелік комиссия мүшелерімен кері байланыс жүргізу мақсатында әр тақырыпқа сәйкес кеистік тапсырмалар арқылы сұрақ-жауап айдары өткізіліп отырды.
Семинар барысында №269 сайлау учаскесінің төрағасы И.Жүнісжанов байқаушылармен сенімді өкілдердің құқықтары, №283 сайлау учаскесінің төрағасы И.Алимхожин блогерлік айналысатын адамдарға қолданатын шара, №284 сайлау учаскесінің төрағасы Н.Мырзаханов тарапынан тізімде жоқ сайлаушылармен дұрыс жұмыс жүргізу туралы сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.
Семинар соңында комиссия мүшелерінен «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренингтің» тақырыптарын бекітуге бағытталған тест алынды. Сегіз сағаттық оқыту-семинарға қатысып, біліктілігін арттырған барлық комиссия мүшелеріне сертификаттар табысталды.
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы