Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік: құқық қорғау органдарының өкілдері Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлерімен кездесу өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік: құқық қорғау органдарының өкілдері Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлерімен кездесу өткізді

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Жамбыл облысы бойынша филиалында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелеріне және осындай әрекеттердің алдын алудың маңыздылығына бағытталған профилактикалық кездесу өтті.

Іс-шараға филиалдың басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Ербол Бақтықожаев, облыс прокурорының аға көмекшісі Ернұр Берікұлы және ҚР Бас прокуратура комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басқармасының прокуроры Нұрлан Елжан қатысты.

Филиалдың құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру басқармасының басшысы Нұрлан Асабаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау тек заңды талап қана емес, сонымен бірге ашықтық пен сенімділіктің кепілі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ мұндай кездесулер қызметкерлердің жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және белгіленген нормаларды қатаң сақтауға ықпал ететінін баса айтты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайларды анықтау және жою мәселелері талқыланды. Негізгі назар ішкі бақылауды күшейту және жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету шараларына аударылды. Қатысушылар сенімді нығайту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ведомстволардың бірлескен іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады.

Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жемқорлық және алаяқтық фактілері анықталған жағдайда ақпаратты compliance.control@gov4c.kz электронды мекенжайына немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы жіберуге болады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері

Дата публикации
18 февраля 2025
Дата обновления
18 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы