Меню

Страницы

Статья

Жамбылдықтарға ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО арқылы 1,3 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді

Жамбылдықтарға ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО арқылы

 1,3 миллион  мемлекеттік қызмет көрсетілді

 

2024 жылы халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған ХҚКО арқылы 900 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ Жамбылдықтар 425 мыңнан астам қызметті Сonnection point өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы алған.

 

Айта кетсек, ХҚКО арқылы шамамен 725 мың, МХҚКО арқылы 185 мыңға жуық қызмет көрсетілген. Атап айтсақ, алғашқы үштікке келесі мемлекеттік қызметтер кірді: ЭЦҚ алу мен оны қайтарып алу, көлік құралдарын тіркеу, жеке куәліктер мен төлқұжат алу.

 

«Мемлекеттік корпорация әрдайым тұтынушылардың жайлылығы мен ыңғайлылығына басымдық береді. Біз өз қызметтерімізді қолжетімді және ыңғайлы ету үшін оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отырамыз. Біздің мақсатымыз – барлық процестердің ашық әрі қауіпсіз екеніне кепілдік беру арқылы әрбір адамға қызмет алу мүмкіндігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорация Басқарма Төрағасының орынбасары Айбат Ілиясов.

 

Мемлекеттік корпорация азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық шешімдерді тұрақты негізде енгізуде. Мәселен, «ХҚКО» мобильді қосымшасының функционалдығы айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және мамандандырылған ХҚКО-ларда дербес менеджерлер практикасы енгізілді, бұл жеке жұмыс істеудің деңгейін арттырып, қызметтерді алу процесін жақсартады.

 

Дата публикации
08 февраля 2025
Дата обновления
08 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы