Меню

Страницы

Статья

Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шара

Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шара

 

2025 жылдың 3-4 ақпанында Дүниежүзілік сайлау күніне орай
Меркі аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен А.Асқаров атындағы Меркі көпсалалы колледжі білімгерлерімен және  №44 жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

Аталған іс-шараға Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Н.Жұманазаров, А.Асқаров атындағы Меркі көпсалалы колледжінің директоры Ш.Мұтаева, Меркі аудандық мәслихатының депутаты,№44 ЖОББМ директоры Б.Қыстауов шақырылды.

Жалпы қатысушыларға  Меркі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылкасымов тарапынан 2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Венгрияның Шиофок қаласында сайлау ұйымдарының Дүниежүзілік конференциясы «25 мемлекеттен тұратын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығы» бастамасымен өткендігі және оның шешімімен ақпанның бірінші бейсенбісі «Дүниежүзілік сайлау күні» болып белгіленгендігі туралы ақпарат берілді.

Меркі аудандық сайлау комиссиясының хатшысы О.Тойбаев сайлау комиссиясының атқаратын негізгі жұмыстарына тоқталып, оқушыларға  жаңа мемлекеттілік құру қажеттіліктеріне жауап бере алатындай жаңа сайлау жүйесі қалыптасуы мен сайлау жүйесіне жастардың қызығушылығы арта бастағандығын айтты.

Аталған іс-шарада Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Н.Жұманазаров «Жастар және сайлау», Меркі аудандық мәслихатының депутаты Б.Қыстауов «Сайлаудағы менің жеңісім» тақырыптарында жастармен өз ойларын бөлісті.

Өз сөз кезегінде А.Асқаров атындағы Меркі көпсалалы колледжінің директоры Ш.Мұтаева білімгерлерге он сегіз жастан бастап адамның сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін түсіндірді. Олардың негізгі мақсаты сайлауға қатысуға, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға деген қызығушылығын оятуға шақырды.

Меркі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылкасымов біздің болашағымыз бен жақындарымыздың келешегін айқындайтын биліктің қалыптасуына жоғары жауапкершілікті арттыратын – жастар екендігін алға тартып кездесуді қорытындылады.

 

 Меркі аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
08 февраля 2025
Дата обновления
08 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы