Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылы атқарған жұмыстары және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы есебі
Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы есебі өтті.
Жиынға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов, Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы Өмірбек және сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, ауыл әкімдері, БАҚ өкілдері, аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Меркі ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен есептік кездесуге төрағалық еткен Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы Өмірбек ауданда өткен сайлау процестері туралы ақпарат айта келіп, алғашқы сөз кезегін аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Абылкасымов Шорман Төреханұлына берді. Шорман Төреханұлы 2024 жылы Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының атқарған жұмыстарына және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы тоқталып өтті.
Өткен жылдың наурыз айында Меркі аудандық мәслихатының №15, желтоқсан айында №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына сайлау, қазан айында республикалық референдум және 4 ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы (Кеңес, Рысқұлов, Меркі, Сұрат), бойынша хабарлады.
Сондай ақ 2025 жылы ауылдық округ әкімдерінің өкілеттігі аяқталуына байланысты ауыл әкімдерінің кезекті сайлауы бойынша ақпарат берді.
Келесі сөз кезегінде Меркі ауданының әкімі аппаратының уақытша міндетін атқарушы Қуат Есболатұлы Зетқұлов жергілікті атқарушы орган мен сайлау комиссияларының өзара іс-қимылы туралы, аудандағы сайлаушылар, сайлау учаскелері және сайлаушылар тізімін өзектендіру бойынша баяндама жасады.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов есептік кездесудің маңыздылығы, облыс көлеміндегі сайлау мәселелері, сайлау жүйесіндегі жаңа реформалар, сайлаудың ашықтығы мен жариялылығы, кандидаттардың сенім білдірген адамдары мен саяси партиялардың байқаушыларының құқықтары мен міндеттері, сайлаушылар тізімдерін өзектендіру жұмыстары туралы айтып жиынды қорытындылады.