Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысында 15 мыңнан астам кадастрлық төлқұжат берілді

Жамбыл облысында 15 мыңнан астам кадастрлық төлқұжат берілді

 

       2024 жылы Жамбыл облысында жылжымайтын мүліктің техникалық зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар мен кадастрлық төлқұжат беру бойынша 15 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл мәліметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы ұсынды.

 

      Кадастрлық төлқұжат – бұл мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрынан алынған мәліметтерді қамтитын құжат. Құжатта мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды, кадастрлық нөмір, салынған жылы, үйдің сериясы, ғимараттың қабат саны, пәтердің қабаты, ауданы (жалпы, тұрғын, пайдалы), бөлме саны және қабырға материалы көрсетіледі.

 

       «2024 жылы жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеуге 20 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, уақытылы орындалды. Сондай-ақ кадастрлық төлқұжат және техникалық зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар   беру қызметі бойынша 2023 жылмен салыстырғанда 1,5% өсім байқалады», – деп атап өтті жер кадастры басқармасының басшысы Берік Мұқанов.

 

        Айта кетейік, кадастрлық төлқұжат  негізінен жаңа жылжымайтын мүлік объектілері үшін рәсімделеді, ал қайталама нарықта – меншік иесінің қалауы бойынша немесе қайта жоспарлау, қайта құру және қайта жабдықтау кезінде рәсімделеді.

 

         Жер учаскелеріне кадастрлық төлқұжат мақсатты пайдалануды, сипаттамаларды, бөлуді, біріктіруді немесе алдыңғы актіні ауыстыруды өзгерту кезінде жасалады.

 

         Естеріңізге сала кетейік, кадастрлық төлқұжат алуға өтінішті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады.

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері

 

Дата публикации
15 января 2025
Дата обновления
15 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы