Меркі ауылы 2024 жыл 22 қараша
сағат 18:00
Конкурс өтетін орын: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Ысмайылов
көшесі №169, аудан әкімдігінің кіші залы, 1-қабат.
Күн тәртібінде:
Комиссия мүшелері конкурстық өтінімдерді жан-жақты талқылап, зерделей келе конкурстың жеңімпаздарын Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №518 бұйрығын негізге ала отырып, барлық өтінімдерді олардың сәйкестігін, толықтығын, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеріп, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап, салыстырды.
Комиссия мүшесі, егер шешім қабылданған адам оның жұбайы (зайыбы), жақын туысы (ата-анасы, баласы, бала асырап алушы, асырап алынған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інісі мен апа-сіңлісі (қарындасы), атасы, әжесі, немересі) немесе жекжаты (жұбайының (зайыбының) асырап алған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інісі мен апа-сіңлісі (қарындасы), ата-анасы және баласы) болса, Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде өздігінен бас тартатынын мәлімдейді.
Конкурстық комиссия мүшелерінің туыстары аталған конкурсқа қатыспаған, осыған орай барлық мүшесі дауыс беруге қатысуға құқылы.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 21-тармағына сай шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен жағдайларда, өткізілмеді деп танылады делінген.
Осы ретте, Рысқұлов ауылдық округінің аумағынан шығарылған ауданы 3,0279 гектар №8 лот бойынша 1 ғана өтінім (Загоруйко Радион Владимирович) түсуіне байланысты конкурстық өтінімі қаралған жоқ.
Конкурстық ұсыныстарды және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде, ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын, түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынған жоқ.
Сонымен қатар, осы ауданда, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық берілді.
Егерде екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады. Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылды.
Атап айтқанда, жер учаскесі қай ауылдық округтің аумағында орналасқан болса сол ауылдың тұрғындарына басымдылық берілді. Сондай-ақ комиссия мүшелері жері жоқ азаматтарды жермен қамту керектігін ескерді.
Ойтал ауылдық округінің аумағынан шығарылған 5-6 лоттар бойынша, өтінім берген басқа ауылдық округтің азаматтары болуына байланысты, жеңімпазды анықтау дауысқа салынып жерді игеру мүмкіншілігіне басты назар аударды.
Сондай-ақ, жеңімпаздарды анықтау барысында назарға алынған қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №42 қаулысы. Осы қаулымен уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi бекітілген.
Меркі ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi тәлімді егістік 50 га, суармалы егістік 50 га, шабындық 50 га, жайылым 300 га болып бекітілген. Атап айтқанда Жексембиев Жакыпбек Түзелбаевичтің иелігінде 91 гектар егістік бар екені белгілі болды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 8-тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазының бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайтындығы назарға алынып құжаттар зерделенді. Жоғарыда аталған заңнама талаптарына сәйкес,
Жер комиссиясы төмендегідей шешім қабылдады:
1-лот Ойтал ауылдық округінің аумағындағы 40 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Кожекеев Адилбек Малтаевич
2-лот. Ойтал ауылдық округінің аумағындағы 40 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Смагулов Аскарбек Мамытбекович
3-лот. Ойтал ауылдық округінің аумағындағы 40 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Әшімбеков Ғабидин Бақбергенұлы
4-лот. Ойтал ауылдық округінің аумағындағы 40 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Абдиев Бакберген Ашимбекович
5-лот. Ойтал ауылдық округінің аумағындағы 41,4334 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Көбегенов Серік Ережепкулович
6-лот. Ойтал ауылдық округінің аумағындағы 41,7997 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Жексенбиев Бакытжан Жапсарбаевич
7-лот. Рысқұлов ауылдық округінің аумағындағы 1,1513 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Досмаилов Айбек Шарапатдинович
9-лот. Рысқұлов ауылдық округінің аумағындағы 4,12 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Кайрашев Асылбек Ибраимбекович
10-лот. Рысқұлов ауылдық округінің аумағындағы 4,8783 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Алдиярова Айман Ерболовна
11-лот. Рысқұлов ауылдық округінің аумағындағы 4,9860 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Алданов Еркебулан Джумадилұлы
12-лот. Рысқұлов ауылдық округінің аумағындағы 5,39 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Нуримов Байрамбай Сагиндикович
13-лот. Сарымолдаев ауылдық округінің аумағындағы 20 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Нургазиев Ерлан Каримбекович
14-лот. Сарымолдаев ауылдық округінің аумағындағы 20 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Баимбетов Кабыл Ешенбекович
15-лот. Сарымолдаев ауылдық округінің аумағындағы 20 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Отегенов Жасулан Нурболович
16-лот. Сарымолдаев ауылдық округінің аумағындағы 5 га жайылым жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Есеев Берик Иембердиулы
17-лот. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 1 га жайылым жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Раимкулов Халмат Кашкимбаевич
18-лот. Тәтті ауылдық округінің аумағындағы 4,7687 га жайылым жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Инкарбеков Айдар Толенович