Меню

Страницы

Статья

Шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамалық шешімі

Шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамалық шешімі

№2

Меркі ауылы                                                                                                       2024 жыл 29 қазан

                                                                                                                                    сағат 11:00

 

Конкурс өтетін орын: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Ысмайылов

көшесі №169, аудан әкімдігінің кіші залы, 1-қабат.

 

Күн тәртібінде:

 

  1. Конкурс жеңімпаздарын анықтау

 

Комиссия мүшелері конкурстық өтінімдерді жан-жақты талқылап, зерделей келе конкурстың жеңімпаздарын Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №518 бұйрығын негізге ала отырып, барлық өтінімдерді олардың сәйкестігін, толықтығын, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеріп, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап, салыстырды.

Конкурстық ұсыныстарды және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде, ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын, түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынған жоқ.

Сонымен қатар, осы ауданда, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық берілді.

Егерде екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады. Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылды.

Сондай-ақ, жеңімпаздарды анықтау барысында назарға алынған қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №42 қаулысы. Осы қаулымен уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi бекітілген.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 8-тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазының бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайтындығы назарға алынып құжаттар зерделенді. Жоғарыда аталған заңнама талаптарына сәйкес,

 

Жер комиссиясы төмендегідей шешім қабылдады:

 

1-лот Сұрат ауылдық округінің аумағындағы 2,1811 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Арыстанбеков Нурбол Айдарханович

 

2-лот. Сұрат ауылдық округінің аумағындағы 3,3917 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Абдрахманов Азамат Оразкулулы

3-лот. Сұрат ауылдық округінің аумағындағы 5,5 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Бошкулов Кемелбек Кылшабаевич

 

4-лот. Сұрат ауылдық округінің аумағындағы 5,5 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Бошкулов Кемелбек Кылшабаевич

 

5-лот. Сұрат ауылдық округінің аумағындағы 5,28 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Шметова Сапаркуль

 

6-лот. Сұрат ауылдық округінің аумағындағы 6,4 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Какиева Саракуль Тельмановна

 

7-лот. Сұрат ауылдық округінің аумағындағы 6,16 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Какиева Саракуль Тельмановна

 

8-лот. Сұрат ауылдық округінің аумағындағы 1,92 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Шораев Зарлыккан

 

 

Дата публикации
29 октября 2024
Дата обновления
29 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы