Меню

Страницы

Статья

ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың 25 қазанға арналған жұмыс кестесі

ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың 25 қазанға арналған жұмыс кестесі

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 25 қазан Республика күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар жұма күні жұмыс істемейтінін хабарлайды.

Айта кетейік, 26 қазан кезекші ХҚКО мен кезекші мамандандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болып саналады. Мемлекеттік қызметтерді сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы білуге болады.

 

 

Дата публикации
24 октября 2024
Дата обновления
24 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы