Меню

Страницы

Статья

Меркі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Меркі ауылы

 

 

 

 

 

Меркі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

 

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес Меркі ауданы әкімі

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Меркі ауданының аумағында сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.
  2. «Меркі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Меркі ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 03 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4019 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2019 жылдың 18 қаңтарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Медетбековке жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашкы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі

 

М. Өмірбек

 

 

 

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жамбыл облыстық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      С.Айдапкелов

      «27» тамыз 2019 жыл   

 

Дата публикации
20 августа 2024
Дата обновления
20 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы