Меню

Страницы

Статья

Меркі ауданы әкімдігінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Меркі ауданы әкімдігінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Байзақ ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 52 қызмет, кіші түрімен қосқанда 96 қызмет түрі көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • Электрондық түрде –42 қызмет(43,8%);
  • Қағаз түрінде – 3 қызмет (3,1%);
  • қағаз түрінде (баламалы) – 51 қызмет (53,1%).

2023 жылдың 12 айында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 12807 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 9179 қызмет (71,6%);
  • қағаз түрінде – 1098 қызмет (8,6%);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 2530 қызмет (19,7%)

 

Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 152 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2023 жылдың қорытындысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

2023 жылдың қорытындысымен мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.

Ішкі бақылау жұмыстары бойынша

Бекітілген жоспарға сәйкес тоқсан сайын ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша (Аудан әкімдігінің жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мен Меркі, Рысқұлов ауылдық округтеріне) бақылау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 29 бұзушылықтар анықталды және 4 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.

Аудан тұрғындарының өтініштерін қабылдау және толғандырған сұрақтарын бір жерден қанағаттандыру мақсатында 2019 жылдың
26 тамыз күні аудан әкімдігі ғимаратының 1-ші қабатында «Сервистік әкімдік» орталығы ашылды. Аталған орталықта аудан әкімдігіне қарасты 4 бөлім қызмет көрсетуде олар: жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдері мамандары орналасып, халыққа қызмет көрсетеді.

«Сервистік әкімдік» арқылы ауыл тұрғындары консультативті көмек және электронды қызметтердің көптеген түрлерін алады. Азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын және халыққа мемлекеттік қызметтерді бір ғимарат ішінде алуға мүмкіндік беретін жаңа сервистік әкімдік ашықтық пен қолжетімдік талаптарына сәйкес әрі жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністерін азайтуға ықпал етеді.

2023 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша сервистік әкімдікте барлығы – 1369 қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, орталықта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналасқан. Аталған бұрыштан электронды кызметтің 40-қа жуық қызмет түрін алуға және ауданның кез-келген тұрғыны электрондық цифрлы қолтаңбасы арқылы өзіне қажетті қызметті алуына мүмкіндік бар.

14 ауылдық округте «Цифрландырылған ақпараттық орталықтар» ашылған. 2023 жылдың 

12 айдың қорытындысы бойынша 17455 қызмет көрсетілді. Аталған орталықтарда жергілікті тұрғындар халыққа көрсетілетін қызметтің 18 түрімен кедергісіз қамтыла алады.

Аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау жұмыстары туралы

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынш 401 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 118 102 халық қамтылды.        

        2023 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша аудан бойынша 26 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметтер саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Сонымен қатар,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстарын жүргізу бойынша 2023 жылға арналған кешенді іс-шара жоспарына сәйкес,                 аудан әкімі аппаратында тиісті аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері және жауапты мамандарының қатысуымен бірнеше мәрте оқыту-семинары өткізілді.

        Жәрмеңке жұмыстары бойынша

        Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Меркі ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсетілетін бөлімдерінің қатыстырылуымен, аудан тұрғындарына 2 жәрмеңке өткізілді.

Қоғамдық кеңес отырыстары

Осы мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары бойынша 4 қоғамдық кеңес отырыстары (аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесі (АХАТ саласы), аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, жер қатынастары бөлімі мен Ақтоған, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал ауылдық округі әкімі аппараттары көрсету саласы бойынша) өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 мая 2024
Дата обновления
30 мая 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы