Шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамалық шешімі
№2
Меркі ауылы 2024 жыл 06 мамыр
сағат 17:00
Конкурс өтетін орын: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Ысмайылов
көшесі №169, аудан әкімдігінің кіші залы, 1-қабат.
Комиссия хатшысы: аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы Мамырбеков Нурмухаммед Естайбекович.
Күн тәртібінде:
Комиссия мүшелері конкурстық өтінімдерді жан-жақты талқылап, зерделей келе конкурстың жеңімпаздарын Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №518 бұйрығын негізге ала отырып, барлық өтінімдерді олардың сәйкестігін, толықтығын, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеріп, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап, салыстырды.
Конкурстық ұсыныстарды және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде, ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын, түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынған жоқ.
Сонымен қатар, осы ауданда, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық берілді.
Егерде екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады. Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылды.
Сондай-ақ, жеңімпаздарды анықтау барысында назарға алынған қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №42 қаулысы. Осы қаулымен уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi бекітілген.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 8-тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазының бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайтындығы назарға алынып құжаттар зерделенді. Жоғарыда аталған заңнама талаптарына сәйкес,
Жер комиссиясы төмендегідей шешім қабылдады:
1-лот Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 3,1 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Әптиекбаев Ерсұлтан Дуказбанұлы
2-лот. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 3,1 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Аташев Тасқын Орынханович
3-лот. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 2,8 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Нурматова Бактыкуль Булдыбаевна
4-лот. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 2,8 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Ботбай батыр» қайырымдылық қоры
5-лот. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 2,9 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Ботбай батыр» қайырымдылық қоры
6-лот. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 1,8 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Мирзаев Рамиль Азизхан-Оглы
7-лот. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 4,7 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Асамбаев Бауыржан Бейсенович
8-лот. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 35,7885 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Нартов Есболат Жарылкасынович
9-лот. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 23 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Катеков Орынбасар Маметкулович
10-лот. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 23 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Ботбай батыр» қайырымдылық қоры
11-лот. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 5 га жайылым жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Кадралиев Ербол Амангельдыулы
12-лот. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы 2,7 га жайылым жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Аргынбаева Сайлаукуль
13-лот. Рысқұлов ауылдық округінің аумағындағы 16,6525 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Сулейманов Мурат Сырлыбаевич
14-лот. Рысқұлов ауылдық округінің аумағындағы 35,7225 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Қазанғапов Сағат Муратбекович
15-лот. Рысқұлов ауылдық округінің аумағындағы 0,5183 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Асланов Аметбек Юнусович
16-лот. Рысқұлов ауылдық округінің аумағындағы 13 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Бейсебаев Кайсар Естаевич
17-лот. Тәтті ауылдық округінің аумағындағы 10,5181 га шабындық жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Буркеев Аят Шолпанбаевич
18-лот. Тәтті ауылдық округінің аумағындағы 13,6210 га шабындық жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Салпеков Ордабай Джундибаевич
19-лот. Кеңес ауылдық округінің аумағындағы 45 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Жылқышыбаев Ернур Мэликович
20-лот. Кеңес ауылдық округінің аумағындағы 40 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Қойшыбай Мейірлан Берікұлы
21-лот. Кеңес ауылдық округінің аумағындағы 50 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Ахмад Қожа» АӨК
22-лот. Кеңес ауылдық округінің аумағындағы 40 га тәлімді егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Иманқұлов Ернар Нұржанұлы
Ұсыныс:
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешімін бір жұмыс күні ішінде аудан әкімінің интернет-ресурсына және үш жұмыс күнінен кешіктірмей барлық өтінім берушілерге, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдасын;
Конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешімі екі жұмыс күні ішінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үщін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешім қабылдау үшін ауданның жергілікті атқарушы органына ұсынсын;
Ауданның жергілікті атқарушы органының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының жобасын дайындап, конкурс жеңімпаздарын хабардар етсін.
Конверттерді ашу хаттамасын растап қол қоюшылар:
Меркі ауданы әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы Б.Абжапаров _______________________
«Меркі ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі» КММ-нің
басшысы Д.Нурпеисов ______________________
«Меркі ауданы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ-нің
басшысы С.Бутабаев _______________________
«AMANAT» партиясы
Меркі аудандық филиалының басшысы К.Шағатаева __________________
Жеке кәсіпкер А.Хейроев _________________________
Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының
Меркі аудандық филиалының басшысы Н. Шойбек____________________
Аудандық мәслихаттың депутаты Н.Сейсенбаев ___________________
«Меркі тынысы» газетінің бас редакторы Қ.Камалов ______________________
Меркі аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасының орынбасары М.Жуматаев ________________________
Жамбыл ауылдық округінің әкімі Е.Байболсынов___________________
Рысқұлов ауылдық округінің әкімінің м.а. Д.Суанбеков _____________________
Тәтті ауылдық округінің әкімі Т.Альметов _________________________
Кеңес ауылдық округінің әкімі Е.Джапарқұлов _________________________
Хатшы: Н.Мамырбеков_____________