Меню

Страницы

Статья

Жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар

Жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар

2024 жылғы 25 сәуір

Меркі аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингке Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, аудандық прокуратура өкілдері, жергілікті атқарушы органның сайлау процесіне қатысты бас есепшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 11-1)-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8-желтоқсандағы №104/806 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар кешеніне» сәйкес, «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинарында дәріс оқыды.

Қатысушыларға «Тұлға» психологиялық кеңес беру және тренинг жүргізу орталығының маманы «Кәсіби қарым-қатынаста тиімді коммуникацияларды құру әдістері.Стресс-менеджмент» тақырыбы бойынша сергіту сәті өткізілді.

№273 учаскелік сайлау комиссиясының ұйымдастырумен «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны» тақырыптары бойынша дәріскерлер жан жақты түсіндірілді.

Семинар соңында жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері біліктілігін арттыруға арналған тақырыптар аясында тестілеуден өтті.

Семинардың соңында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов қатысқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сертификаттар табыстап, сәттілік тіледі.

 

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
26 апреля 2024
Дата обновления
26 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы