Меню

Страницы

Статья

Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы

Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарында

2024 жылдың І тоқсанында 

 мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.               

2024 жылдың І тоқсанында аудан әкімінің өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес Кеңес және Андас батыр ауылдық округтерінде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

2024 жылдың  І тоқсан қорытындысы бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдармен 302 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілері
дәлелді бас тартулар орын алған жоқ.

2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге              шағымдану фактісі орын алмаған.

2024 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің                    Андас батыр ауылдық округі әкімінің аппаратында («Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі)  және Сұрат ауылдық округі әкімінің аппаратында («Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі) мерзім бұзу фактілері орын алды.

Есепті мерзімде ЖАО тарапынан 51 099 адамды қамтыған 89 іс-шаралар (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) өткізілді.

2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында жалпы 11 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілерінде 36 пост жарияланып, 3901 адам қамтылды.

2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 2 ЖАО-ның қызметкерлері өтті.

 

 

Дата публикации
25 апреля 2024
Дата обновления
25 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы