Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабының 2-тармағының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 2-тармағына, Жамбыл ауылдық округіндегі қоғамдастық мүшелерімен болған 2023 жылғы 08 қарашада өткен жиналыстың хаттамасына және аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 ақпандағы №19-3 шешімінің негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 02 мамырдағы №167 сатып алу-сату шартымен Абитаева Лаззат Багдатхановнаға кәсіпкерлік ғимаратына қызмет көрсету үшін жеке меншікке берілген жалпы ауданы 0,30 гектар (есептік кварталы 025, реттік нөмірі 709) және Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 02 сәуірдегі №18 шешімімен Садыбаева Несипкуль Сагинтаевнаға кәсіпкерлік ғимаратына қызмет көрсету үшін жеке меншікке берілген жалпы ауданы 0,35 гектар (есептік кварталы 025, реттік нөмірі 708) жер учаскелері қосымша сызбаға сәйкес, халықтың ортақ пайдаланатын паркін орналастыруға деген мұқтажын қанағаттандыру үшін иеліктен шығару басталсын.
- Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың тамыз айының 30 күніне дейін белгіленсін.
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгіну орны Меркі ауылы, Әзімбек Ысмайылов көшесі №169 мекенжайында орналасқан«Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Абжапаров Бақытхан Жаханұлына жүктелсін.
Аудан әкімі Ж.Баубеков