Құрметті меркіліктер!
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен
құттықтаймын!
Наурыз – жаңа жыл басы. Жаңару мен жасарудың, жақсылыққа үміт
етіп, рухани жаңғыратын кезең. Наурыз туғанда – Табиғат Ана түлеп, айнала
ажарлана түседі. Барша тіршілік иесіне нәр беретін, тіршіліктің өзіне
сән беретін шуақты кезеңде барша Шығыс халықтарына ортақ Наурыз
мерекесі тойланады. Халқымызда «Әз-Наурыз келгенде Қазақтың сайын
даласын Қыдыр ата кезіп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды.
Самарқанның көк тасы еріп, қасиетті қара жер, қара топырақ бусанады» –
деген тамаша сенім бар.
Наурыз мерекесі халқымыз үшін өткенге салауат айтып, келер күннен
береке тілейтін, барша ел ауызбіршілікте болатын қасиетті мейрам болып
келеді. Ақсақалдарымыз: «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, қайда барса жол
болсын!» деп батасын берген. Сондай-ақ, ұлан-байтақ жерімізде жеті түрлі
дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарды сақтап, ай
бойы Ұлыстың Ұлы күні тойланатын болады. «Бірлік болмай, тірлік болмас»
– деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Наурыз – еліміздің берекелі
бірлігі, ырысты ынтымағы мен ұйыған татулығының мерекесі.
Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеліп келген Наурыз мерекесін
одан әрі ұлықтау – Тәуелсіздігіміздің тұтқасы болған өскелең ұрпақтың
бойына рух беріп, ұлттық құндылықтарымыздың қадір-қасиетін арттырары
сөзсіз. Сондықтан, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
тапсырмасына сәйкес, Наурыз мерекесі ерекше форматта атап өтілуде.
Наурызнама онкүндігі іс-шараларының жоспары дайындалып, «Көрісу
күні», «Қайырымдылық күні», «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»,
«Шаңырақ күні», «Ұлттық киім күні», «Ағаш егу күні», «Ұлттық спорт күні»,
«Ынтымақ күні», «Наурыз – жыл басы», «Тазару күні» болып он күндік ісшара жоспары бекітілген.
Ізгілік пен жақсылықтың жаршысы болған халықтық мерекеміз ел
бірлігінің берік іргетасы, бейбітшілігіміздің бұлтартпас кепіліне айналғаны
анық. Ендеше, Наурызбен нұрланған әрбір таңымыз арайлы, күніміз шуақты
болсын!
Қадірлі жерлестер!
Осынау жаңа жылда баршаңызға жетістіктеріміз бен жеңістеріміз көп
болсын. Ұлыстың Ұлы күні халқымызға молшылық пен татулық әкелсін.
Наурыздың шуағы жанұяларыңызға жылулық пен ізгілік нұрын төксін.
Еліміз тыныш, бірлігіміз берік болып, ынтымағымыз арта берсін. Әрбір жаңа
күн барлық отбасыға шадыман шаттық, бақ-береке сыйласын!
Наурыз мерекесі құтты болсын!