Меню

Страницы

Статья

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы есебі өтті. ⠀

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы есебі өтті.

⠀
Жиынға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов, аудан әкімінің орынбасары Арғымбаев Қайрат Рахымбайұлы және сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, ауыл әкімдері, БАҚ өкілдері, аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.⠀
Кездесуге төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Қайрат Рахымбайұлы ауданда өткен сайлау процестері туралы ақпарат айтып өткен соң, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Абылкасымов Шорман Төреханұлы баяндама жасап, 2023 жылғы 19-наурызда өткен ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу қорытындысы, 2023 жылы 5 ауылдық округтің әкімдерінің сайлаулары туралы баяндады. ⠀
Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Танкеев Айрат Нұрханұлы аудандағы сайлаушылар, сайлау учаскелері және сайлаушылар тізімін өзектендіру, әр сайлаушының мәліметтеріне тұрғылықты мекенжай кодтарын енгізу жұмыстары бойынша баяндама жасады.⠀
Сондай-ақ, Серғали Өмірзақұлы 2023 жылы өткен сайлау науқандары жайлы айтып, 2021 жылдан бастап облыс көлемінде ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өткізіліп жатқандығын, ауыл әкіміне кандидаттарды ұсыну барысында саяси партиялармен бірге жеке азаматтардың тарапынан өзін-өзі ұсыну белсенділігі едәуір артқандығын жеткізді. ⠀
Жиын соңында сайлау науқандарын ұйымдастыру және өткізу кезеңінде жоғары белсенділік танытқан комиссия мүшелері мен қоғам белсенділері Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының және Меркі ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Дата публикации
01 марта 2024
Дата обновления
01 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы