Меню

Страницы

Статья

Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шара

Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шара

2024 жылғы 29-30 қаңтарда Дүниежүзілік сайлау күніне орай
Меркі аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен №9 Меркі колледжі білімгерлері мен М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп лицейінің жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізілді.
Аталған іс-шараға аудандық сайлау комиссияларының төрағалары, мәслихат депутаты, аудандық ұйымдастыру – инспекторлық бөлімшесінің мамандары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жалпы қатысушыларға 2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Венгрияның Шиофок қаласында сайлау ұйымдарының Дүниежүзілік конференциясы
«25 мемлекеттен тұратын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығы» бастамасымен өткендігі және оның шешімімен ақпанның бірінші бейсенбісі «Дүниежүзілік сайлау күні» болып белгіленгендігі туралы ақпарат берілді.
Аудандық мәслихат депутаты Б.Қыстауов колледж білімгерлеріне Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуымен жаңа мемлекеттілік құру қажеттіліктеріне жауап бере алатындай жаңа сайлау жүйесі қалыптасуы мен сайлау жүйесіне жастардың қызығушылығы арта бастағандығын айтты.
Аудандық ұйымдастыру – инспекторлық бөлімшесінің басшысы А.Танкеев, бас инспекторы М.Оңалбай он сегіз жастан бастап адамның сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін түсіндірді. Олардың негізгі мақсаты сайлауға қатысуға, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға деген қызығушылығын оятуға шақырды.
Біздің болашағымыз бен жақындарымыздың келешегін айқындайтын биліктің қалыптасуына жоғары жауапкершілікті арттыратын – жастар.
Меркі аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
31 января 2024
Дата обновления
31 января 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы