Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарының тарапынан
2023 жылдың қорытындысымен
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 97 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
Оның ішінде:
2023 жылдың қорытындысымен аудан бойынша ЖАО 12807 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 152 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2023 жылдың қорытындысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
2023 жылдың қорытындысымен мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 118 102 халықты қамтыған 401 түсіндірме іс-шаралары (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) өткізілді.
2023 жылдың қорытындысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның
26 қызметкерлері өтті.
Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарының тарапынан
2023 жылдың қорытындысымен көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі
Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 5 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып өткізілді.
Нәтижесінде 29 бұзушылықтар анықталды және 4 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Сонымен қатар, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша
1 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуының 4 фактісі, көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстері бұзылуының 25 фактісі анықталды.