Аудан әкімінің аппаратына
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қазіргі таңда саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдерге ортақ.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу тағы сол сияқты осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Бүгінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып айқындалған.
Қазір елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылуда, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдары болып табылады.
Меркі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 2021-2022 жылдар мен 2023 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Бекітілген жоспарларға сәйкес, мониторинг жасалып, комиссия отырыстарында қаралып, сұрақтар талқыланып, тиісті тапсырмалар беріледі.
Аудан әкімі басқаратын аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес жүргізу мәселелері жөніндегі аудандық комиссия 34 басшы құрамнан жасақталған. Комиссия отырысы тоқсанына кемінде 3 рет өткізіліп, проблемалық мәселелер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталады.
Бүгінгі күнге дейін, яғни соңғы 3 жылда аудан көлемінде сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған.
Аудан әкімдігінің халық көп қайырылатын бөлімдер яғни жер қатынастары бөлімі, сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және адалдық алаңының жобалық кеңсесінің мамандары сервистік әкімдікке шоғырланған. Бүгінгі күнге дейін 700 ден аса адам қайырылды, барлығына заң аясында жауаптары берілген.
Жалпы бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін «Меркі адалдық алаңы» құрылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттарын айқындап, халық арасында жиі көтерілетін мәселелерге ден қойылды.
Аудан аумағындағы орналасқан облыстық және аудандық мекемелердің қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында 3 рет жасырын сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде аудандық денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қатысты тәуекелдерді көрсеткен.
Дегенмен, нақты ақпарат расталмады. Аталған мәселені өзімнің төрағалыммен комиссия отырысында қарап, тиісті тапсырмалар берілді. Бұдан бөлек, халық көп қайырылатын жер саласы бойынша барлық өткізілетін жер комиссиясы, жер конкурстары видео таспаға түсіріліп, қажетілігіне қарай тікелей эфирге шығарылып отырады.
Сонымен қатар, Кадр қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және бюджеттік мекемеге қызметкер қабылдау конкурстары ашық жәрмеңке арқылы, қажеттілігіне қарай тікелей эфир және әлеуметтік желілер арқылы көрсетіліп, бұл бағыттағы жұмыстар жолға қойылған.
Бүгінгі күнге аудан әкімдігінің бұқаралық ақпарат құралдарына 19 материал, әлеуметтік желілерге 200 аса мақала жарық көрді.
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 11 билборд ілінсе, барлық мекемелер мен ғимараттарда плакаттар ілінген.
Аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол беріп немесе мемлекеттік қызметке кір келтірген қызметкерлер жоқ.
«Сыбайлас жемқорлықтың салдары» атты мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алу конкурстары жүргізіліп, бұл бағытқа 750 мың қаражат қойылып, «Нығмет Нұры» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып анықталып, тиісті жұмыстарды атқаруда.
Сыбайлас жемқорлық тәукекелдеріне ішкі талдау аудан әкімдігінің спорт және денешынықтыру бөліміне жүргізілді. Оның нәтижесінде ешбір сыбайлас жемқорлық бағытында тәуекел анықталған жоқ.
бағынысты ұйымдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізуін және талдау барысында анықталған тәуекелдерді мерзімінде жою қатаң бақылауға алынған. Бұл бағыттағы жұмыстар тиісті жолға қойылған.