Меню

Страницы

Статья

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратындағы орындаушылық тәртіп мәселелерін зерделеу жұмыстарының АНЫҚТАМАСЫ

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратындағы орындаушылық тәртіп мәселелерін зерделеу жұмыстарының

АНЫҚТАМАСЫ

             Кіріс және шығыс  журналдары  бар, барлығы нөмірленіп, бауланып тігілген. Кіріс хаттарда кіріс нөмірлері белгіленген. Жинақтау папкалары бар. Кейбір шығыс құжаттарының рәсімделуі Нұсқаулыққа сай емес екендігі анықталып отыр. Мысалы: шығ. 18.05.2022ж №03-03/242 хатта орындаушының телефон нөмерінде реттік тұрақтылық сақталынбаған және келесі жолда жазылған. Шығ. 28.04.2022ж №03-03/221 хатта мемлекеттік мекеменің мәтінің интервалы сақталынбаған.

 

          Кадр бойынша:

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратындағы кадрлық құжаттары бойынша «Кәсіподақ ұжымы жиналысының №1 хаттамасында» дата көрсетілмеген (қосымша хаттама тіркеледі).

 

Шешімдердің қабылдануы:

Жамбыл ауылдық округінің жер телімдерін рәсімдеуге байланысты шешімдері заң аясында жүргізілген. Кемшіліктер анықталмады.

 

Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы:

Ауылдық округ әкімдігінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы әкімдердің халықпен кездесуі туралы №826 Жарлығына сәйкес аудан және ауыл әкімдерінің ауылдық округпен және ауылдық округтердегі елді мекендермен кездесу кестесі бекітіліп, мәслихатпен келісілген. Алайда, ауылдық округ тарапынан бекітіліген кестеге және Жарлықта көрсетілген нұсқамалар орындалмаған және жинақталып, қауымдастық мүшелерімен талқыламаған. Бұдан бөлек халық көтерген мәселерге қатысты тиісті азаматтарға жеке қабылдау жүргізбей, назардан тыс қалдырған. Ауылдық округ тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша іс-шара жоспары бекітілмеген. Аудан әкімі берген хаттамалық тапсырмалары жинақталған, жауаптары тігілген. Ауылдық округ әкімі берген хаттамалық тапсырмалары бар, алайда, орындалуы бойынша ақпарат жинақталмаған хаттамалық тапсырманың орындалу мерзімдері көрсетілмеген.

 

 

Дата публикации
11 января 2024
Дата обновления
11 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы