Енді қазақстандықтар жылжымайтын мүліктеріне қатысты өзгерістер туралы хабарлама алатын болады.
🏠Азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мүлікке салынған ауыртпалықтар, шектеулер, заңды талаптар туралы, сондай-ақ қате мәліметтерді түзету туралы хабарламалар алатын болады. Хабарлама электронды үкіметтегі жеке кабинетке түсетін болады. Одан басқа, eGov.kz сайтынан хабарламалар мен PUSH хабарландыруларымен да келеді.
⚡️Айта кетер болсақ, жаңашылдық «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры» ақпараттық жүйесін енгізу барысында жүзеге асырылатын процестерді автоматтандыру аясында әзірленді.