Шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамалық шешімі
№2
Меркі ауылы 2023 жыл 25 желтоқсан
сағат 12:00
Конкурс өтетін орын: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Ысмайылов көшесі №169, аудан әкімдігінің кіші залы, 1-қабат.
Күн тәртібінде:
Комиссия мүшелері конкурстық өтінімдерді жан-жақты талқылап, зерделей келе конкурстың жеңімпаздарын Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №518 бұйрығын негізге ала отырып, барлық өтінімдерді олардың сәйкестігін, толықтығын, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеріп, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап, салыстырды.
Конкурстық ұсыныстарды және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде, ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын, түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынған жоқ.
Сонымен қатар, осы ауданда, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық берілді.
Егерде екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады. Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылды.
Сондай-ақ, жеңімпаздарды анықтау барысында назарға алынған қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №42 қаулысы. Осы қаулымен уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi бекітілген.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 8-тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазының бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайтындығы назарға алынып құжаттар зерделенді. Жоғарыда аталған заңнама талаптарына сәйкес,
Жер комиссиясы төмендегідей шешім қабылдады:
1-лот Меркі ауылдық округінің аумағындағы 0,75 га жайылым жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Серікқызы Алина
2-лот. Меркі ауылдық округінің аумағындағы 0,33 га жайылым жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Балтабаева Куаныш Атадиновна
3-лот. Ойтал ауылдық округінің аумағындағы 9,7546 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Agro-Kasip» ЖШС
4-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 2 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Билипбеков Берик Куандыкович
5-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 2,3940 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Мухаев Данияр Саматович
6-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 2 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Достық-Қостоған» АӨК
7-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 1,54 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Шалтаев Айдос Ауесханович
8-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 2,3548 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Достық-Қостоған» АӨК
9-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 3,05 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Мырзахметов Ерлан Толенулы
10-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 2,5 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Есентаев Береке Бейсенбекович
11-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 3 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Достық-Қостоған» АӨК
12-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 1,8681 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Достық-Қостоған» АӨК
13-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 2,8 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Достық-Қостоған» АӨК
14-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 2,8 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Жасыбаев Еркин Бакирбаевич
15-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 3,0753 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – «Достық-Қостоған» АӨК
16-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 3,9 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Айтымбетова Жұлдыз Тузеновна
17-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 3,4 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Оразкулов Биржан Ермекович
18-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 3,4 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Оспаналиев Омиржан Шынарбекұлы
19-лот. Жаңатоған ауылдық округінің аумағындағы 9,8568 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Айтмереков Кадиржан Боранбаевич
20-лот. Сарымолдаев ауылдық округінің аумағындағы 40 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Ешенбеков Ғани Қабылұлы
21-лот. Сарымолдаев ауылдық округінің аумағындағы 35 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Айылшиев Мади Шабданович
22-лот. Сарымолдаев ауылдық округінің аумағындағы 35 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Жуматаев Мурат Сагындыкович
23-лот. Сарымолдаев ауылдық округінің аумағындағы 35 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Абдрасилова Айзат Аманқызы
24-лот. Сарымолдаев ауылдық округінің аумағындағы 42 га егістік жер учаскесі бойынша жеңімпаз – Айнабек Альбина Садуақасқызы