Кездесуде Жорабек Нұрмергенұлы алдымен атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады.
Қоғамдық көліктің қажеттігі жамбылдық тұрғындардың да тілегі екен. Аудан әкімі қазіргі уақытта аудан бойынша, субсидия түріндегі мемлекеттік қолдаумен 8 бағытта қоғамдық көлік жолға қойылғанын жеткізіп, Ақтоған – Жамбыл – Орталық аурухана бағытындағы қоғамдық көлік маршруты келесі жылға жоспарланғанын жеткізді.
Сонымен қатар, тұрғындар ауылға ортақ бірнеше мәселе көтерді.
Ертөстік балабақшасының қасына көлік тұрағы қажеттігі, бірқатар көшелерде негізсіз жасанды жол кедергісі қойылғандығы, жарықтандыру және жол жөндеуге қатысты сауалдарға аудан әкімі жауап беріп,бұл бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстар және жоспарлармен бөлісті.
Сонымен қатар, аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.