Меркі аудандық қоғамдық кеңесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы өткен жиналыс
ХАТТАМАСЫ
Меркі ауданы №4 23 қараша 2023 жыл
Өткізілген орны: Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залы
Өткізілген уақыты: сағат 16.00
Төрағалық еткен: Аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы Н.Қойшыманова.
Жиналысқа қатысқандар: Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Т.Тлеукеев (Zoom платформасы арқылы), аудан әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы А.Танкеев, аудан әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы А.Аблаева, аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы С.Отанбек, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі С.Бабижанов, Сарымолдаев ауылдық округінің бас маманы А.Төленді.
Күн тәртібі
Жиналысты аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Н.Қойшыманова ашып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді Қоғамдық кеңес отырыстарының қарауына ұсыну туралы тапсырмасына сәйкес, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымының келісісімен және аудан әкімімен бекітілген «Меркі ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді қарау бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес» 2023 жылдың IV тоқсанында Меркі ауданы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің және Сарымолдаев ауылдық округі әкімі аппаратының есептері тыңдалатынын айтты. Сондай-ақ, қоғамдық кеңес отырысына Zoom платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары қатысып отырғанын атап өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты ұсыныстары жоқ екендігін айтып, отырыс ашық деп жарияланды.
Жиналыстың төрайымы алғашқы сөз кезегін аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы С.Отанбекке берді, С.Отанбек аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің 2022 жылы – 2023 жылдың есепті кезеңіне дейін көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы есеп берді.
Қоғамдық кеңестің төрайымы Н.Қойшыманова аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы С.Отанбектің есебін тыңдап болған соң, келесі есеп беруші Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі С.Бабижановқа сөз кезегін берді, С.Бабижанов «Сарымолдаев ауылдық округі әкімі аппаратының тарапынан 2022 жылы – 2023 жылдың есепті кезеңіне дейін көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы баяндап берді.
Аудандық қоғамдық кеңесінің ұсыныстары:
1) Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Нәметқұлов, аудан әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы А.Танкеев:
1.1. Қоғамдық кеңес отырысында мекемелердің бірінші басшылары есеп беруін қамтамасыз етсін;
Мерзімі: тұрақты.
1.2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының сақталуын қатаң бақылауда ұстау және тұрақты түрде мониторинг жүргізсін;
Мерзімі: тұрақты.
1.3. Әр тоқсан сайын әртүрлі сала бойынша ауылдық округ әкімі аппараттарының және мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдердің басшылары тарапынан қоғамдық кеңеске есеп берілуін қамтамасыз етсін.
Мерзімі: тұрақты.
1.4. Есеп беруші мекемелер атқарылған жұмыстары бойынша есептерін диаграмма, слайд түрінде ұсынылуын қамтамасыз етсін;
Мерзімі: тұрақты.
2) Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Акек, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі С.Бабижанов:
2.1. Мекеме тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз етсін;
Мерзімі: тұрақты.
2.2. Мекеме тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тұрғындарға кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
Мерзімі: тұрақты.
Мерзімі: әр тоқсан сайын.
Мерзімі: тұрақты.
Мерзімі: қызмет көрсету кезеңінде.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұсыныстары:
3) Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Нәметқұлов, аудан әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы А.Танкеев, Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Акек, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі С.Бабижанов:
3.1. Қызмет алушылардың өтінімдеріне дәлелді бас тарту кезінде, бас тартудың нақты себебін көрсетсін (Көп жағдайда қызмет көрсетушілер тиісті Қағидалардың бас тарту тармақтарын көрсетіп, нақты бас тарту себебін көрсетпейді. Осы орайда қызмет алушылар Қағидаларға сәйкес бас тарту дәлелді себептерін түсінбегендіктен, қызмет көрсетушіге барып сұрауға мәжбүр);
Мерзімі: тұрақты.
Мерзімі: жыл соңына дейін, әрі қарай - тұрақты.
3.3. Егов порталында қызмет көрсету сапасын бағалау мақсатында қызмет алушылардың сауалнамадан белсенді түрде өтуін ұйымдастырсын;
Мерзімі: 01.12.2023ж. дейін.
4) Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Нәметқұлов, аудан әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы А.Танкеев:
Қоғамдық кеңес отырысы хаттамасының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстардың көшірмесін Департаментке қосымша жолдансын.
Төрайым Н.Қойшыманова