Меркі аудандық қоғамдық кеңесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы өткен жиналыс
ХАТТАМАСЫ
Меркі ауданы №3 29 қыркүйек 2023 жыл
Өткізілген орны: Аудандық мәдениет үйінің конференцзалы
Өткізілген уақыты: сағат 16.00
Төрағалық еткен: Аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы Н.Қойшыманова.
Жиналысқа қатысқандар: Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы М.Оңалбай, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Д.Нұрпеисов, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы М.Сәрсен, Ойтал ауылдық округі әкімінің Қ.Шакибаев, Ойтал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р.Алпысбай, Ойтал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Кукенова.
Күн тәртібі
Жиналысты аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Н.Қойшыманова ашып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді Қоғамдық кеңес отырыстарының қарауына ұсыну туралы тапсырмасына сәйкес, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымының келісісімен және аудан әкімімен бекітілген «Меркі ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді қарау бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес» 2023 жылдың III тоқсанында Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің және Ойтал ауылдық округі әкімі аппаратының есептері тыңдалатынын айтты. Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты ұсыныстары жоқ екендігін айтып, отырыс ашық деп жарияланды.
Жиналыстың төрайымы алғашқы сөз кезегін аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Д.Нұрпеисовке берді, Д.Нұрпеисов аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің 2022 жылы – 2023 жылдың есепті кезеңіне дейін көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы есеп берді.
Қоғамдық кеңестің төрайымы Н.Қойшыманова аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Д.Нұрпеисовтің есебін тыңдап болған соң, келесі есеп беруші Ойтал ауылдық округі әкімінің у.м.а Қ.Шакибаевқа сөз кезегін берді, Қ.Шакибаев «Ойтал ауылдық округі әкімі аппаратының тарапынан 2022 жылы – 2023 жылдың есепті кезеңіне дейін көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы баяндап берді.
Аудандық қоғамдық кеңесінің ұсынымы:
1) Аудан әкімінің аппарат басшысының у.м.а А.Танкеев:
1.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының сақталуын қатаң бақылауда ұстау және тұрақты түрде мониторинг жүргізсін;
Мерзімі: тұрақты.
1.2. Әр тоқсан сайын әртүрлі сала бойынша ауылдық округ әкімі аппараттарының және мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдердің басшылары тарапынан қоғамдық кеңеске есеп берілуін қамтамасыз етсін.
Мерзімі: тұрақты.
2) Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Д.Нұрпеисов, Ойтал ауылдық округі әкімінің у.м.а Қ.Шакибаев:
2.1. Мекеме тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз етсін;
Мерзімі: тұрақты.
2.2. Мекеме тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тұрғындарға кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
Мерзімі: тұрақты.
Мерзімі: әр тоқсан сайын.
Мерзімі: тұрақты.
Төрайым Н.Қойшыманова