Меркі аудандық қоғамдық кеңесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы өткен жиналыс
ХАТТАМАСЫ
Меркі ауданы №2 27 маусым 2023 жыл
Өткізілген орны: Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залы
Өткізілген уақыты: сағат 12.00
Төрағалық еткен: Аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы Н.Қойшыманова.
Жиналысқа қатысқандар: Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы А.Аблаева, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының у.м.а К.Рахатқызы, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Е.Байболсынов, Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Абдураимов.
Күн тәртібі
Жиналысты аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Н.Қойшыманова ашып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді Қоғамдық кеңес отырыстарының қарауына ұсыну туралы тапсырмасына сәйкес, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымының келісісімен және аудан әкімімен бекітілген «Меркі ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді қарау бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес» 2023 жылдың II тоқсанында Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің және Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының есептері тыңдалатынын айтты. Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты ұсыныстары жоқ екендігін айтып, отырыс ашық деп жарияланды.
Жиналыстың төрайымы алғашқы сөз кезегін аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының у.м.а К.Рахатқызына берді, бөлім басшысының у.м.а К.Рахатқызы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2022 жылы – 2023 жылдың есепті кезеңіне дейін көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы есеп берді.
Қоғамдық кеңестің төрайымы Н.Қойшыманова аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының у.м.а К.Рахатқызының есебін тыңдап болған соң, келесі есеп беруші Жамбыл ауылдық округінің әкімі Е.Байболсыновқа сөз кезегін берді, Е.Байболсынов «Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының тарапынан 2022 жылы – 2023 жылдың есепті кезеңіне дейін көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы баяндап берді.
Аудандық қоғамдық кеңесінің ұсынымы:
1) Аудан әкімінің аппарат басшысы А.Нәметқұлов, ұйымдастыру инсекторлық бөлімшесінің басшысы А.Танкеев, бас инспектор А.Аблаева:
1.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының сақталуын қатаң бақылауда ұстау және тұрақты түрде мониторинг жүргізсін;
Мерзімі: тұрақты.
1.2. Әр тоқсан сайын әртүрлі сала бойынша ауылдық округ әкімі аппараттарының және мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдердің басшылары тарапынан қоғамдық кеңеске есеп берілуін қамтамасыз етсін.
Мерзімі: тұрақты.
2) Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының у.м.а К.Рахатқызы, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Е.Байболсынов:
2.1. Мекеме тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз етсін;
Мерзімі: тұрақты.
2.2. Мекеме тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тұрғындарға кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
Мерзімі: тұрақты.
Мерзімі: әр тоқсан сайын.
Мерзімі: тұрақты.
Төрайым Н.Қойшыманова