Меню

Страницы

Статья

Меркі аудандық қоғамдық кеңесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы өткен жиналыс

Меркі аудандық қоғамдық кеңесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы өткен жиналыс

ХАТТАМАСЫ

 

Меркі ауданы                         №1                            10 наурыз 2023 жыл

 

Өткізілген орны: аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залы

Өткізілген уақыты: сағат 16.00

Төрағалық еткен: Аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымының у.м.а К.Ракаева.

 

Жиналысқа қатысқандар: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Т.Тілеукеев, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы А.Аблаева, аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы С.Оразалиева, Ақтоған ауылдық округінің әкімі Д.Абдіразақ, Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ.Рахимова.

 

 Күн тәртібі

 

  1. Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының тарапынан 2022 жылғы көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы;
  2. Меркі ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің АХАТ саласымен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыруы бойынша 2022 жылдың 12 айында атқарылған жұмысы туралы.

 

Жиналысты аудандық қоғамдық кеңестің төрайымының у.м.а К.Ракаева ашып, сөз кезегін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Т.Тілеукеевке берді. Ол өз сөзінде жергілікті атқарушы органдардың тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы және облыс көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Жиналыстың төрайымы келесі сөз кезегін Ақтоған ауылдық округінің әкімі Д.Абдразаққа берді, ауылдық округ әкімі Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының тарапынан 2022 жылдың есепті кезеңіне дейін көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы есеп берді.

Жиналыстың төрайымы Ақтоған ауылдық округі әкімінің есебін тыңдап болған соң, келесі есеп беруші аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы С.Оразалиеваға сөз кезегін берді, С.Оразалиева Меркі ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің АХАТ саласымен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыруы бойынша     2022 жылдың 12 айында атқарылған жұмысы туралы баяндап берді.

 

 

 

Аудандық қоғамдық кеңесінің ұсынымы:

 

1) Аудан әкімінің аппарат басшысы А.Нәметқұлов, ұйымдастыру инсекторлық бөлімшесінің басшысы А.Танкеев, бас инспектор А.Аблаева:

1.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының сақталуын қатаң бақылауда ұстау және тұрақты түрде мониторинг жүргізсін;

Мерзімі: тұрақты.

1.2. Әр тоқсан сайын әртүрлі сала бойынша ауылдық округ әкімі аппараттарының және мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдердің басшылары тарапынан қоғамдық кеңеске есеп берілуін қамтамасыз етсін.

Мерзімі: тұрақты.

 

2)  Ақтоған ауылдық округінің әкімі Д.Абдіразақ:

2.1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді НҚА-ге сәйкес цифрлық құжаттар сервисінен өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

Мерзімі: тұрақты.

2.2. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы БАҚ беттеріне мәліметтер жарияласын.

Мерзімі: тұрақты.

 

 

Төрайым                                                                     К.Ракаева

Дата публикации
04 декабря 2023
Дата обновления
03 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы