Меню

Страницы

Статья

Бір айдың ішінде мамандандырылған ХҚО-ларда 66 теориялық емтихан нәтижесі күшін жойған

Бір айдың ішінде мамандандырылған ХҚО-ларда 66 теориялық емтихан нәтижесі күшін жойған

💻Теориялық емтихан тапсыру үшін ЖЖЕ 3.0 жаңа жүйесі енгелі бері тексеріс ережелері күшейді. Нәтижесінде, Шымкентте, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстарында емтихан тапсыру ережелерін бұзған азаматтардың емтихан нәтижелері күшін жойды.

🖥Жаңа жүйенің арқасында Мемлекеттік Корпорацияның мамандары қызметалушылардың емтихан барысында жеке компьютерлерге қашықтықтан қосылуға мүмкіндік беретін микроқұлақ қаптарды, HDMI сплиттерді қолданғаны туралы деректерді анықтады. Сонымен қатар, қолдануға тыйым салынған құрылғыларды киімнің жеңіне, не электронды құрылғылар орнатылған киіммен кіруге тырысқан.
Мәселен, Шымкент қаласында емтихан тапсырушы үшінші тұлғаның көмегіне жүгінген. Ол жақын орналасқан терезені қағу арқылы дұрыс жауапты білдіртіп отырған. Жүйе емтихан тапсырушының қимыл-қозғалысын, терезеге жиі назар аударатынын анықтаса, аудиожазба терезе тұстан келген дыбыстарды тіркеген. Нәтижесінде, емтихан нәтижелері есептелмей, күшін жойды.

📌«Жаңа жүйе биыл, 16 қазан күні Қазақстанның аумағындағы 83 емтихан сыныбына енгізілген. Осы аралықта емтиханды сәтті тапсырғаны туралы нәтижелер саны екі есеге азайған. Бұл жүргізуші куәлігін жол жүру ережелерін жақсы меңгерген азаматтардың алып жатқандығын дәлелдейтін көрсеткіш», - деп атап өтті Мемлекеттік Корпорацияның Басқарма Төрағасы орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

✅Ал, емтихан нәтижелері жойылған азаматтар емтиханды қайта тапсыруға тек 3 айдан кейін ғана жазыла алады. Осы орайда, жыл басынан бері бір миллионнан астам жүргізуші куәлігі берілгенін айта кетеміз.

Дата публикации
17 ноября 2023
Дата обновления
17 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы