Меню

Страницы

Статья

Андас батыр ауылдық округінің тұрғындары арасында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларын түсіндіру жұмысы

Андас батыр ауылдық округінің тұрғындары арасында

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының

 нормаларын түсіндіру жұмысы

2023 жылғы 06 қыркүйекте аудандық  сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Далиева Андас батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ауыл тұрғындарына ағымдағы жылдың 17 қыркүйегіне тағайындалған Андас батыр ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты сайлау заңнамасының нормалары, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктемелер берілді.

 Еліміздегі сайлау Конституция ережелері мен «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Конституциялық заңына негізделген, ауылдық округ әкімдерін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Әр сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдарға дауыс беруге жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сайлаушылардың тізімдері негізінде сайлаушыларға берілуге тиіс екеніне тоқталды. Барлық сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Кездесу соңында Меркі аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Далиева ауыл тұрғындарын азаматтық белсенділік танытуға, дауыс беру күні сайлау учаскесіне келіп дауыс беруге шақырды.

 

Дата публикации
07 сентября 2023
Дата обновления
07 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы