Андас батыр, Жаңатоған ауылдық округтері учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен семинар–тренинг өтті
2023 жылғы 29 тамызда Андас батыр ауылдық округіне қарасты №296,297,298,480 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен, 30 тамызда Жаңатоған ауылдық округіне қарасты №293,294,295 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен Андас батыр, Жаңатоған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу бойынша семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингте аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш. Абылкасымов сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарықтандыру барысы, дауыс беру күні сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс алгоритмі туралы егжей-тегжейлі түсінік берді.
Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру күні сайлау комиссиялары мүшелерінің әрбір әрекеті және хаттамалар жасау тәртібі бойынша түсініктемелер берді.
Сондай-ақ сайлау күні кандидаттардың сенімі өкілдермен, байқаушылармен сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмысы және әлеуметтік желілерді бақылау мәселесі қаралды.
Семинар соңын комиссия төрағасы Ш. Абылкасымов қорытындылай келе учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезеңінде сайлау заңнамасы нормаларын бұлжытпай орындауды қатаң тапсырды.