Меню

Страницы

Статья

Меркі ауданы Т.Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Интернациональный ауылы тұрғындарының және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының №3 ХАТТАМАСЫ

Интернациональный ауылы                                                   2023 жылғы 16 тамыз

                                                                                                                   сағат 10.00

Жиналыс төрағасы: Б.Байкулов

Жиналыс хатшысы: Р.Тажиева

Жиналысқа қатысқандар: 755 адам ауыл тұрғындары (оның ішінде жергілікті қоғамдастық мүшелері – 5 адам)

 

Күн тәртібінде:

Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Интернациональный ауылының атауын Достық ауылы деп қайта атау туралы

 

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Б.Байкулов, М.Абдразаков, М.Ошакбаева, К.Ниязова  сөз сөйледі.

Б.Байкулов - ауыл әкімі: Интернациональный ауылында 453 аула, 2645 адам бар (18 жасқа толған дауыс құқығына ие – 755, оның ішінде жергілікті қоғамдастық мүшелері – 5 адам). 2023 жылғы 14 маусым күні Т.Рысқұлов ауылдық округі әкімінің атына түскен ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша Интернациональный ауылын Достық ауылы деп қайта атау қажеттілігі сұралған.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы- 73

Қалыс- 63

Қолдағандар-619  (оның ішінде жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны-5).

Округ әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Интернациональный ауылын Достық деп қайта атау ұсынысын ауыл тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандары туралы жария етті.

Жиналыс қорытындысы бойынша

ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Т.Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Интернациональный ауылы Достық ауылы деп қайта аталсын.
  2. Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

           

            Төраға                                                                                 Б.Байкулов

          

            Хатшы                                                                                  Р.Тажиева

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 августа 2023
Дата обновления
23 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы