Меркі ауданында Андас батыр, Жаңатоған ауылдық округтерінің
әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1) Андас батыр ауылдық округінің әкімі – Андас батыр ауылдық округінің шекарасында Андас батыр сайлау округі;
2) Жаңатоған ауылдық округінің әкімі – Жаңатоған ауылдық округінің шекарасында Жаңатоған сайлау округі;
Төрағаның орынбасары Г. Далиева
Хатшы О. Тойбаев
Меркі ауылы
2023 жылғы 09 тамыз
№ 14