Меркі ауданы Андас батыр, Жаңатоған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Меркі ауданында 2023 жылғы 17 қыркүйекке Андас батыр, Жаңатоған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын:
- 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Меркі ауданы Андас батыр, Жаңатоған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Меркі аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Меркі Ақиқат" газетінде жариялансын
Төрағаның орынбасары Г. Далиева
Хатшы О. Тойбаев
Меркі ауылы
2023 жылғы 09 тамыз
№ 13