Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАНДЫРУ

2023 жылдың 16 тамыз күні,  Рысқұлов ауылдық округі, А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде,  Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Интернациональный ауылының атауын өзгерту бойынша қоғамдастық мүшелері мен көше тұрғындарының жиналысы өткізіледі. Жиналысқа төмендегі көше тұрғындары шақырылады

            1) сағат 10.00-де Қ.Мұхамеджанов, Ш.Төкешұлы, Талапты, Ә.Бөкейханов,  С.Сейфуллин, Теректі, Көкшетау, Б.Бұлқышев, Арна көшесінің тұрғындары

            2) сағат 12.00-де Ш.Уәлиханов, Ақбастау, Көкжиек, Жуков, А.Тұрғымбаев, Гоголь көшесінің тұрғындары

 

АНЫҚТАМА

            ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы №138 қаулысының 8-тармағы                                    2-тармақшасына сәйкес «Ауылдарға атау беру  және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін жергілікті атқарушы органдар ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерімен бірлесе отырып өздерінің интернет ресурстарында  (бар болса)  және бұқаралық ақпарат құралдарында қажетті құжаттар мен материалдарды орналастырады.

ҚР Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы тапсырмасына сәйкес және 2023 жылдың 14 маусымдағы ауыл тұрғындарының ұсынысы негізінде,  Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Интернациональный ауылын Достық ауылы деп қайта атау ұсынылды.

            Интернациональный ауылында 453 үй, 2645 тұрғын түрады. Интернациональный ауылы қазіргі заманға сай абаттандырылған, А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі, «Рысқұлов ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-сі, "Интернациональный" дәрігерлік амбулаториясы, "Казпошта" АҚ-ның бөлімшесі, 4 азық түлік дүкені, 1 жанармай станциясы орналасқан.

            Архивтік құжаттарға сүйенетін болсақ, Жамбыл облыстық мәслихаты  мен  Жамбыл облысы әкімдігінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы №1522 бірлескен шешімі негізінде, Инернациональный ауылы Ойтал ауылдық округінен бөлініп,  Рысқұлов ауылдық округінің құрамына кіргізілген.

            Достық - адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде түйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сол себепті, Интернациональный ауылында әр түрлі ұлт өкілдері тұрғандықтан, ауыл тұрғындары аталмыш ауылға Достық деген атауды беруді жөн көрді.

 

Рысқұлов ауылдық округі әкімінің аппараты.

Дата публикации
04 июля 2023
Дата обновления
12 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы