Меню

Страницы

Статья

Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Алатау-Су-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жарияланады.

Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  «Алатау-Су-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жарияланады.

 

         Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатураларды іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

  • біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;

          2) мамандығы бойынша техникалық ғылымдар және технологиялар саласы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы бойынша кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

 

 

Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бос тұрған                                  «Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің                                       «Алатау-Су-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

080500,Меркі ауданы,Меркі ауылы, Исмайлов көшесі №169 (1 қабат,                          23 кабинет),анықтама үшін телефон:8 (72632)2-27-80. (zhkh_merke@mail.ru)

        

Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің                                «Алатау-Су-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік)

 

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары:

  • Кәсіпорынның қызметі уәкілетті органы арқылы жеткізілетін мемлекеттің тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.
  • Кәсіпорын үшін мемлекет тапсырыстарын орындау міндетті болып табылады.
  • Кәсіпорын өзі өндіретін(жұмыстарды, қызметтерді) өз бетінше сатады. Кәсіпорын өндіретін өнімдердің бағасын уәкілетті органы бедгілейді.
  • Кәсіпорынның күнтізбелік жылға жоспарланған жұмыстары уәкілетті органы бекіткен жоспарда көрсетіледі және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің негізі болып табылады.
  • Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру мемлекеттік тапсырысты бөле отырып, уәкілетті органы бекіткен қаржыландыру жоспары бойынша жүзеге асырылады.
  • Кәсіпорынның таза табысын бөлу тәртібін уәкілетті органы белгілейді.
  • Кәсіпорынның заңнамада тыйым салынған, оның жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асырудан түскен табысы, сондай-ақ сатылатын тауарлардың бағасын өз бетінше көтеру нәтижесінде түскен табысы бюджетке алынып қойылады.
  • Кәсіпорынның қызметінің мақсаты жылу энергиясын беру.
  • Кәсіпорын қызметінің мәндері:
  • Аудан аумағындағы мемлекеттік мекемелерді жылумен жабдықтау.
  • Аудан көлемінде суды жинау, өңдеу және бөлу. Өңделген ауыз суды аудан тұрғындарына және аудандағы заңды тұлғаларға тарату.
  • Кәсіпорын, тек уәкілетті органның рұқсатымен банк несиелерін пайдалануға құқылы.

 

          Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы               № 907  бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

         Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

         Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, күнтізбелік он күн ішінде Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Исмайлов көшесі 169, мекен-жайда орналасқан Меркі ауданы әкімдігінде әңгімелесуден өтеді.

         Аталған лауазымға үміткерлер үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Дата публикации
08 июня 2023
Дата обновления
26 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы