Меню

Страницы

Статья

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті меркіліктертер,
қадірлі соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері!
Биыл Ұлы Жеңіске 78 жыл толды.
Осы тыныш өміріміз аталарымыз кеудесін оққа тосып, қарыс жер үшін жанын қиып, тылда еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін күн-түн демей қажырлы еңбенуінің нәтижесі. Елдің тұғырын биіктету тек ынтымақ пен бірліктің арқасында ғана мүмкін. Қасиетті халқымыздың қанына сіңген сабырлылық пен байсалдылық, кеңпейілділік пен еңбекқорлық сын сағаттарда серігіміз болмақ. Өркениетке ұмтылған еліміздің даму жолында оны жарқын ету үшін елім, жерім деген, тұлабойы сүйіспеншілікке толы, білімді, өнерлі, еңбекқор, жан-жақты ұрпақ тәрбиелеу әрбіріміздің адал борышымыз.
Ендеше, аспанымызды ешқашан бұлт торламасын, бейбіт күніміз нұрлы шуағын шашып, ел іргесі тыныш болсын. Бейбіт күннің астында ұрпағымыз үрейсіз оянсын. Әр шаңырақ сәбилердің шат күлкісімен шаттансын!
Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды

Мереке құтты болсын!

Жорабек Баубеков
Меркі ауданының әкімі

Дата публикации
05 мая 2023
Дата обновления
05 мая 2023
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы