Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды.
Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Мо-мыш¬ұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойды.
Киелі өңіріміз талай батырлар мен оғландардың Отаны болғаны баршаға аян.
Бүгінгі мерейлі мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген сардарларымыз бен сарбаздарымызға алғысымызды білдіреміз.
Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыс¬тар тілеймін.
Еліміздің айбынын асқақтатар ер-азаматтарымыз аман болсын!
Жорабек Баубеков
Меркі ауданының әкімі