Достар, «Ашық бюджеттер» порталында мемлекеттік органдардың келесі қаржылық есептілігімен танысуға болады:
• бюджеттік есептілік;
• шоғырландырылған қаржылық есептілік;
• мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері;
• азаматтық бюджет.
📍Сонымен қатар, «Бюджеттің атқарылуы» бөлімінде мемлекеттік органдардағы кірістер мен шығыстар бойынша ақпаратты көруге болады. Фильтрді қолдана отырып, сіз аймақ бойынша ақпаратты Excel форматында жүктей аласыз.
🧮 Сондай-ақ, порталда бюджеттік бағдарламалардың жобалары бекітілгенге дейін жарияланады. Бұл бюджет қаражатын жұмсау процесіне өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды енгізуге мүмкіндік береді.