Қазақстандықтар құжатсыз проактивті форматта атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) 1414 нөмірінен SMS хабарлама алуда
📲 Бұл көмекті мемлекеттік деректер базасында қамтылған АӘК критерийлеріне сәйкес келетін азаматтар алады.
Қызмет былай жұмыс істейді:
1) атаулы әлеуметтік көмек алуға мұқтаж – АӘК алушыға 1414 нөмірінен автоматты түрде хабарлама келеді;
2) АӘК алушы өзінің IBAN шотын көрсете отырып, сол хабарламаға жауап ретінде өзінің келісімін жібереді;
3) жауап алғаннан кейін eGov.kz порталы жәрдемақы тағайындау үшін алушы туралы мәліметтерді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.
❗️Хабарламаларды мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген азаматтар ғана ала алады.
Сондай-ақ, АӘК алуға өтінімді eGov.kz порталы арқылы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.