Енді Doculite.com жүйесінде eGov QR көмегімен шартқа қол қою мүмкіндігі бар. Пайдаланушыларға шартқа қол қою және жіберу үшін ЭЦҚ-ның қажеті жоқ.
Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін doculite.com сайтында құжатқа қол қоюдың «QR код» арқылы түрін таңдап, QR-ды eGov mobile қосымшасы арқылы сканерлеп, қол қою қажет.
📌 Айта кетерлігі, eGov QR арқылы қол қою @otbasy_bank_kz, office.sud.kz және Elisence.kz сайтында қолжетімді.