Меню

Страницы

Статья

Бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі

Әз Наурыз ұлт пен ұлысты ұйыстырып, берекенің тайқазанын тасытқан ұлық мереке. Сол үшін де қазақ халқы бұл мейрамды Ұлыстың ұлы күні деп ерекше әспеттеген.
Халқымыз бұл кезеңді береке-бірлік, ырыс-құт мезгілі санаса, мейрамды кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесіне балаған.
Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болып, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық этностың ортақ мерекесіне айналды. Біз Ел бірлігінің құндылығын, отбасылық бақыттың және жақындарымыздың амандығының маңызын түсініп, Қазақстан халқының біртұтас отбасына жататынымызды, Еліміздің болашағы үшін жауапкершілігімізді бұрынғыдан да айқын сезіне бастадық.
Елімізде тұрақтылықты сақтау мемлекетеміздің негізгі бағыттарының біріне айналды. Соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің халқын үйлесімді біріктіріп, қоғамдағы келісімді орнатуға айтарлықтай үлес қосты.
Сондай-ақ Ұлыстың ұлы күні елдік, бірлік, берекелік, сипатын былай қойғанда, адамзатты инабаттылыққа, адамгершілікке, иманжүзділікке, ізгілікке баулиды.
Қадірлі жерлестер!
Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын! Жаңа жетістіктер мен жеңістер көп болсын, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз тыныш, бірлігіміз берік, ынтымағымыз арта берсін. Әрбір жаңа күн барлық отбасына шадыман шаттық, бақ-береке сыйласын.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Аудан әкімі Жорабек Баубеков

Дата публикации
24 марта 2023
Дата обновления
24 марта 2023
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы