Меню

Страницы

Статья

Құрметті аяулы аналар, ардақты апа- қарындастар!

Сіздерді күлімдеген көктемнің шуағымен келген 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекенің әлемді жылуымен жадыратар мезгілмен сәйкестігінде өзіндік заңдылығы бар. Өйткені, көктем мен Әйел - егіз ұғым. Бірі - табиғатты оятса, екіншісі адамзатқа өмір сыйлар тіршіліктің алтын діңгегі.
Көктемгі нұр мен шаттыққа толы осынау күнгі барша ер азаматтар да ерекше қадір тұтып, құрметтейді. Өйткені, қашан да елге тұтқа, ұрпаққа пана болған әйел затынсыз мағыналы тіршілікті елестету мүмкін емес.
Аналардың, қыз-келіншектердің бойынан махаббат, әсемдік, мейірімділік, ізгілік секілді қасиеттер табылатыны сөзсіз.
Ендеше ел ынтымағын жарастырып, ырысын тасытқан аяулы аналарымызды қалай ардақтасақ та жарасады! Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде парасаты мен пайымын, біліктілігін аямаған Сіздерсіздер. Ұрпақ тәрбиелеуде ғана емес, билік пен бизнесте, саяси-экономикалық және әлеуметтік салаларда жан аямай қызмет етіп жүрген қыз - келіншектер де бүгінде ел мақтанышы.
Қаншама ұлы адамдар «Ана» деген аяулы есімге бас иіп, тағзым етеді. Өйткені, ананың ақ сүтінің парызын орындау біздерге үлкен парыз, үлкен міндет жүктейтіні баршамызға аян. Ардақты да аяулы аналарға деген құрметіміз шексіз. Әрдайым құрметпен бас иіп, құрмет тұтамыз. Сондай-ақ, елдің ұйытқысы да, ердің де тірегі аналар Сіздерсіздер. Сіздерге деген құрметіміз шексіз.

Аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы

Дата публикации
15 марта 2023
Дата обновления
07 марта 2023
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы